«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын пайдалану бөлімінің ЕРЕЖЕСІ

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының

2024 жылғы  «___»____________

  № ___ бұйрығына

  4-қосымша

 

 

«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын пайдалану бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Жер қойнауын пайдалану бөлімі (бұдан әрі – бөлім)       «Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде
    Абай облысы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
  4. Бөлім: бөлім басшысы мен 3 бас маманнан тұрады (бөлімнің құрамына кіретін бөлімшелер жоқ).

 

  1. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

1) Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және қатынастарды реттеу;      

2) Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жер қойнауын пайдалану құқықтарының туындауының, жүзеге асырылуының, өзгеруінің және тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен тәртібін белгілеу.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан заңнамада белгіленген мерзімдерде ақпарат сұратуға және алуға;

2) Басқарма басшылығының қарауына жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) Жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыруға.

  1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат дайындау.

2) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалық құжаттарға сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттарды сақтауды ұйымдастыру;

5) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығының үлесі) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өтуіне рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге беру жөніндегі мәмілені тіркеу;

6) Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына арналған өтінімдерді қарау және рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

7) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке өтінімдерді қарау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және лицензиялар беру;

8) Келісімшартты-лицензиялық жағдайлар және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу, кен іздеушілік кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтаумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздерге қатысу;

9) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу;

10) Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою жөніндегі комиссияны құру және оның жұмысына қатысу;

11) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қызметі шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізу;

12) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және кен іздеушілікке арналған лицензияларды қайтарып алуды қамтамасыз ету;

13) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және кен іздеушілікке берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

14) Жер қойнауын пайдаланушылардың тарату қорын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

15) Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

16) Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбалар бойынша өндіруге арналған келісімшарттардың, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған лицензиялардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

17) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

18) Алдағы құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

19) Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

20) Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, кен іздеушілік бойынша операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

21) Бөлім құзыреті шеңберінде басқарманың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыруды және тұрақты жаңартуды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

22) Көрмелерді, жәрмеңкелерді, форумдарды, конкурстарды, семинарларды ұйымдастыруға қатысу және оларға қатысуға облыстың шаруашылық жүргізуші субъектілерін тарту;

23) Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және жасау;

24) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу;

25) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптардың уақытылы және сапалы қаралуын, ұсынылуын бақылауды жүзеге асыру;

26) «Ашық деректер» порталында ақпаратты уақтылы толтыру;

27) Бөлімнің құзыретіне жататын «Iprotocol» порталында тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындау;

28) Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Бөлім басшысы уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін басқарма басшысы тағайындайтын бөлім қызметкері орындайды.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшы басқарады.
  4. Бөлім басшысы оның қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  5. Бөлімнің басшысы Басқарманың басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  6. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы бұрыштама қояды; басқа мемлекеттік органдарға не олардың құрылымдық бөлімшелеріне бөлім басшысы, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бұрыштама қояды және оған жетекшілік ететін орынбасар не басқарма басшысы қол қояды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Келісілді»

Жер қойнауын пайдалану

бөлімінің басшысы

________________________________

(аты-жөні толық)

«__»_________________2024 жыл

Дата публикации
15 марта 2023