Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының
2024 жылғы «___»_____________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің инвестицияларды тарту бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) Жеке инвестициялар тарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) Қалалық және аудандық атқарушы органдармен, облыстық статистика департаментімен және инвестициялық қызмет көрсеткіштері мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.
1) Облыстың жеке инвестициялық жобаларын іске асыру туралы мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан ақпарат сұратуға және алуға;
2) Басқарма басшылығының қарауына инвестициялық ахуалды құру дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақыруға;
4) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;
5) Инвестициялық жобаларды іске асыруда мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы басшылықты хабардар етуге міндетті;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
1) Инвестициялық жобаларға консультациялық қызметтер көрсету және мониторинг жүргізу;
2) Бөлім қызметінің мәселелері бойынша материалдарды, есептерді, баяндамалардың талдамалық жазбаларын, мақалаларды дайындау;
3) Бөлім қызметінің бағыты бойынша даму бағдарламаларының салалық бөлімін әзірлеуге қатысу;
4) Бөлім жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу, оны іске асыру барысы туралы ақпарат дайындау;
5) Өңірдегі инвестициялық әлеуетті дамыту және инвестициялар бойынша статистикалық деректердің күтілетін көрсеткіштерін қалыптастыру мәселелері бойынша қалалар мен аудандар әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жасау (негізгі капиталға жеке инвестициялар көлемі);
6) Шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық экономикалық форумдар мен көрмелерге қатысу (тікелей шетелдік инвестициялар);
7) Орталық мемлекеттік органдарға жетекшілік ететін сала бойынша ақпарат беру;
8) Инвестициялық тақырып бойынша өткізілетін инвестициялық форум, конференциялар мен семинарларға қатысу;
9) Өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету үшін Қазақстан Республикасының елшіліктері мен шет елдердегі мекемелеріне өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру;
10) Инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
11) Инвесторларды тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
12) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу;
13) Бөлімнің құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптардың уақытылы және сапалы беру;
14) «Ашық деректер» порталында ақпаратты уақтылы толтыру;
15) Бөлімнің құзыретіне жататын «Iprotocol» порталында тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындау;
16) Басқарма қызметінің жұмысын жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ басқарманың әлеуметтік желілеріндегі ресми беттерде жариялау; басқарманың әлеуметтік желілеріндегі беттерде бұқаралық ақпарат құралдары мен жазылушылардың сұраулары мен пікірлеріне жауаптар орналастыру. «Ашық диалог» халық пен мемлекет арасындағы диалогын жүргізу үшін ашық алаңда жұмысты ұйымдастыру;
17) Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Келісілді»
Инвестицияларды тарту
бөлімінің басшысы
________________________________
(аты-жөні толық)
«__»_________________2024 жыл