Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы e-License (Е-лицензиялау) электрондық порталы арқылы төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады:
Жер қойнауын пайдалану бөлімі төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде:
– E-Лицензирование (e-license) порталы арқылы 40 өтініш түсті, оның ішінде:
1) «Кен іздеушілікке арналған лицензия беру» – 2026 жылы берілгені: 9 лицензия, 31 бас тарту.
– Біртұтас жер қойнауын пайдалану платформасы – minerals.e-qazyna.kz (БЖҚП) арқылы 43 өтініш түсті:
1) «Жер учаскесін болашақ құрылысқа дайындау кезінде жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе аз мәнділігі туралы қорытынды» – 2026 жылы берілгені: 29 қорытынды.
2) «Кен іздеушілікке арналған лицензия беру» – 2026 жылы берілгені: 26 лицензия, мерзімін ұзартуға байланысты қайта ресімделгені – 1.
Қазіргі уақытта Абай облысы бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша 72 кәсіпорын қызметін жүзеге асырады
40 кәсіпорын өз жұмысын 47 өндіруге арналған келісімшарт бойынша, 32 кәсіпорын өндіруге арналған 48 лицензия бойынша жүзеге асырады. 2026 жылы берілгені – 6 лицензия.
Мемлекеттік меншікке жататын жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу (қайта жаңғырту) және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кен таралған пайдалы қазбаларды өндіруге 46 рұқсат қолданыста («Қазақстандағы «Чайна Харбоур Инжиниринг Компания ЛТД»филиалы, «Теміржол Жөндеу» ЖШС); барлау жұмыстарын жүргізуге 2 қолданыста (Қазақстандағы «Чайна Харбоур Инжиниринг Компания ЛТД»филиалы).
Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму бөлімінде:
заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру. Қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күні.
2024 жылы – 2 рұқсат берілді; 2025 жылдың 10 айында – 11 рұқсат берілді.
Бас тартылған өтініштер: 2024 жылы – 11; 2025 жылдың 10 айында - 4.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімі Kezekte.kz электрондық порталы арқылы төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асырады:
5 млн теңгеге дейінгі мөлшерде өтеусіз негізде мемлекеттік грант беру.
Мемлекеттік гранттар әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде беріледі.
2022 жылы – 18 жеңімпаз; 2023 жылы – 22 жеңімпаз; 2024 жылы – 23 жеңімпаз; 2025 жылы – 24 жеңімпаз.
Инвестициялар тарту бөлімі:
- Инвестицияларды жүзеге асыруды және «заттай мемлекеттік грант» түріндегі инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру бойынша инвестициялық келісімшарт жасасуға келісім беру. Қызмет көрсету мерзімі – 10 жұмыс күні.
2026 жылғы 24 тамыздан 31 қазанға дейін Абай облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу, сондай-ақ кен орындарын тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда.
2025 жылы – 1 жоба.