Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық даму

Өнеркәсіп Абай облысы экономикасының негізгі секторларының бірі болып табылады. Ол өңірдің өндірістік әлеуетін дамытуға және тұрақты экономикалық базаны қалыптастыруға елеулі үлес қосуда.

Статистикалық деректерге сәйкес, қазіргі уақытта облыста 599 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. Оның ішінде 423 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібіне, 176 кәсіпорын тау-кен өндіру өнеркәсібіне жатады.

2026 жылғы қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3 трлн теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 101,2%-ға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемінің 1,2%-ға өскенін көрсетті.

Оң динамика, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібінде байқалады, мұнда өндіріс көлемі 3,7%-ға артты. Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленетін ауамен жабдықтау саласында өсім 20,9%-ды құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, сондай-ақ ластануды жою жөніндегі қызметтер секторында өсім 56,7%-ға жетті. Сонымен қатар тау-кен өндіру өнеркәсібінде 0,8%-ға төмендеу тіркелді.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің негізін металлургия өндірісі құрайды, оның үлесі 38,7%-ды құрайды. Ағымдағы жылдың сегіз айында сала кәсіпорындары 209,4 млрд теңгенің өнімін өндірді, нақты көлем индексі 90,5%-ды құрады. Саланың негізгі кәсіпорындарының қатарында «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС, «ФИК Алел» АҚ және «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бар.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібі құрылымында машина жасау саласы да маңызды орын алады. Оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 19,5%-ды құрайды. 2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында өндірілген өнім көлемі 105,1 млрд теңгеге жетті. Саланың ірі кәсіпорындары — «СемАЗ» ЖШС және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС.

Өңірдің өңдеу өнеркәсібінің 10,3%-ы өзге де металл емес минералдық өнім өндіруге тиесілі. Есепті кезеңде осы сектордағы өндіріс көлемі 55,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі — 82,8%. Саланың негізгі кәсіпорындары қатарында «Семей цемент зауыты» ӨК ЖШС, «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС, «Силикат» ЖШС және басқа да кәсіпорындар бар.

Тамақ өнеркәсібінде жоғары өсу қарқыны байқалады. 2026 жылғы қаңтар–тамыз айларында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 136,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 144,3%-ға жетті.

Жеңіл өнеркәсіпте де оң динамика сақталуда. Саланың кәсіпорындары сегіз ай ішінде 3,7 млрд теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 128,9%-ды құрады. Саланың негізгі кәсіпорындары — «Семей аяқ киім фабрикасы» ЖШС және «Техноавиа-Казахстан» ЖШС-нің «Тігін фабрикасы» филиалы.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың қаңтар–тамыз айларында қағаз және қағаз өнімдерін өндіру көлемі 9,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі — 100,4%.

Жалпы, 2026 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша Абай облысының өнеркәсіп секторы оң динамиканы сақтап отыр. Өсімнің негізгі үлесін өңдеу өнеркәсібі қамтамасыз етуде. Бұл ретте ең жоғары өсу қарқыны тамақ өнімдерін, жеңіл және қағаз өнімдерін өндіру салаларында байқалады.

Өңірде жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамыту, кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын арттыру, жаңа өнеркәсіптік жобаларды іске асыру және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Документы
Ақпарат
13 мая 2025
Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидалары
Ереже
15 марта 2023
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының Өнеркәсіпті дамыту және индустриялық-инновациялық даму бөлімі
«Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өнеркәсіпті дамыту және индустриялық-инновациялық даму бөлімінің ЕРЕЖЕСІ
Новости
Полезные материалы
Өнеркәсіптік және индустриялық-инновациялық даму
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы