"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқының Ассамблеясы туралы ереже бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |