Абай облысындағы үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау және ынталандыру мақсатында «Абай облысының ішкі саясат басқармасы» ММ келесі номинациялар бойынша конкурс жариялайды:
Сыйлық төмендегі номинациялар бойынша беріледі:
Конкурсқа Абай облысының аумағында тіркелген кез-келген үкіметтік емес ұйым мен республикалық үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу үшін реквизиттер мен қызмет бағыты көрсетілген еркін түрдегі өтініш;
2) соңғы 3 (үш) жылда ұсынылатын саладағы жобалардың іске асырылғандығы мен жеткен жетістіктерді растайтын қоғам және (немесе) мемлекеттік органдар өкілдерінің (3-тен кем емес) ұсыным хаттары;
3) диплом, грамота, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
4) мақалалар, БАҚ-та және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар көшірмесі (бар болған жағдайда);
5) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
6) әлеуметтік желілердегі парақшаларға сілтеме (болған жағдайда).
Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ өтінімдері портфолиомен бірге ағымдағы жылғы 25 шілдеден 25 тамызға дейін қағаз және электронды тасымалдауышта (USB-флэш сақтау құрылғысында DOC, DOCX, PDF) Ішкі саясат басқармасында қабылданады.
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8 (2 қабат, 254 кабинет).
Барлық сұраққа мына номерлер арқылы жауап алуға болады: 87777903285, 87479026538.