Абай облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен
өзара іс-қимыл және ынтымақтастық
жөніндегі кеңес құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құрамында Абай облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрылсын.альс
- Кеңестің ережесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3.а«Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Әкімдіктің осы қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Ж. Б. Сәрсебаевқа жүктелсін.