Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының және этносаралық қатынастарды мониторингілеу бөлімінің қызмет түрі
Функциялар:
1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
3) қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту;
4) «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Бірегейлік пен бірлік» IV бағытын, Қоғамдық сананы жаңғыртудың облыстық бағдарламасын іске асыруға қатысу;
5) облыста тұратын этностардың дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін сақтау және дамыту;
6) Абай облысы ҚХА мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
7) этносаралық салада жанжалды жағдайларға жол бермеу;
8) Абай облысы ҚХА Төрағасының, кеңесінің қызметін қамтамасыз ету, оның ішінде олардың қызметін сараптамалық-талдамалық, ақпараттық және өзге де сүйемелдеу;
12) этносаралық саладағы жағдай және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі шаралар туралы ақпаратты ҚР ПӘ ҚХАК-на және ҚР ҚДМ-ге тұрақты негізде жинауды жүзеге асыру және тоқсан сайын ұсыну;
13) Абай облысы ҚХА атқарушы органы – «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы» КММ қызметін үйлестіру;
14) этносаралық қатынастарға мониторинг жүргізу, этносаралық жанжалдарға жол бермеу мақсатында алдын алу шараларын қабылдау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
15) этносаралық қатынастардың жай-күйі туралы талдамалық материалдар дайындау, ұсынымдар әзірлеу;
16) Достық үйлеріне, этномәдени бірлестіктерге ұйымдастырушылық, құқықтық және әдістемелік көмек көрсету;
17) Абай облысы ҚХА қоғамдық институттарының: қоғамдық келісім Кеңестерінің, отбасындағы толеранттық тәрбие мәселелері бойынша Аналар Кеңестерінің, меценаттар Клубының, журналистер Клубының, «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының, облыс Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының қызметін ұйымдастыру;
18) мемлекеттік тілді, облыста тұратын этностар тілдерін дамыту, «Возрождение» тіл мектебінің, жексенбілік тіл мектептерінің жұмысына жәрдемдесу;
19) Абай облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының, облыстың жоғары оқу орындары базасында ҚХА қоғамдық кафедраларының қызметін үйлестіру;
20) Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семинарлар, конференциялар, өзге де іс-шаралар өткізу;
21) Абай облысы ҚХА мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған қоғамдық-саяси, мәдени, спорттық, ғылыми және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру;
22) этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлі қолөнер түрлерін сақтау бойынша бірлестіктерді, клубтарды, үйірмелерді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
23) қоғамдық келісімді жаңғыртудың облыстық бағдарламасы шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық жобаларын іске асыру;
24) облыстың этникалық топтарының тілін, мәдениетін, дәстүрлерін сақтауға және дамытуға бағытталған өңіраралық және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
25) қандастар мен «Отандастар қоры» КЕАҚ-пен, қандастар мәселелері бойынша облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің кеңесшілерімен қазақстандық қоғамға қандастар интеграциясы процесі шеңберінде өзара іс-қимыл жасау, оларға әдістемелік және құқықтық көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру.
26) баспасөз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде Ассамблеяға ақпараттық қолдауды жүзеге асыру, Абай облысы ҚХА сайтын шығару;
27) қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.