Ұйымдастыру-әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің қызмет түрі

 

Ұйымдастыру-әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің қызмет түрі

 

  1. Міндеті: Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылау.

      Функциялар:

          1) Абай облысы әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

          2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін орналастыру және қолдану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

          3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар (актілер) жасайды;

          4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуына (белгіленуіне, орналастырылуына) бақылауды жүзеге асырады;

          5) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық және аудандық атқарушы органдардың қызметін бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз ету;

          6) ақпараттық-әдістемелік, талдамалық ұсынымдар әзірлеу;

          7) бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

          8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану жөніндегі мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсетеді, ақпаратты жинауды, өңдеуді, қолдану практикасын насихаттауды талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

          9) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) бойынша заңды органдар мен жеке тұлғаларды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

          10) Абай облысының аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) мониторингін жүзеге асырады.

 

  1. Міндеті: Облыста әлеуметтік-саяси жарнаманы бақылауды қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) көрнекі ақпаратқа және облыстың әлеуметтік-саяси жарнамамен ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;

2) сыртқы әлеуметтік жарнаманы ресімдеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді және сыртқы әлеуметтік жарнама объектілеріне мониторинг жүргізеді;

3) мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша көрнекі-ақпараттық, үгіттік және түсіндіру материалдарының мониторингін жүзеге асырады;

4) адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізеді.

                                                                                                      

  1. Міндеті: мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру.

Функциялар:

1) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау және сыныптау;

2) бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма басшысы жүктеген өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады, сондай-ақ оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді;

3) ішкі саясат саласында практикалық ұсынымдар, сондай-ақ қоғамды шоғырландыру және ішкі саяси тұрақтылықты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, министрліктері мен ведомстволарының, жергілікті атқарушы және өкілді билік органдарының тиісті бөлімшелерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

5) бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ішкі саясатын, заңнамасын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;

6) оқыту, семинар-тренингтер өткізуді ұйымдастыру және мемлекеттік органдарды әдістемелік қамтамасыз етуді,;

7) облыстың қалалары мен аудандарының ішкі саясат бөлімдерімен инспекциялық-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады.

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан өз құзыретін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;

2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де органдармен өзара іс-қимыл жасау;

3) бөлім құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

4) бөлімнің құзыреті шегінде лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға міндетті;

6) бөлімнің Басқарманың құрылымдық бөлімшесі ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндеттері болады.

 

 

Ұйымдастыру-әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің қызмет түрі
Дата публикации
14 октября 2024