Әкімшілік-қаржы бөлімінің қызмет түрі

Әкімшілік-қаржы бөлімінің қызмет түрі

 

 

  1. Міндеті: персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.

         Функциялар:

         1) Басқарманың персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;

         2) кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша басқару қажеттілігін талдау және жоспарлау;

                   3) Басқарманың кадрлық құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;

         4) Басқарма кадрларының мониторингі және кадрлық іс жүргізуді жүргізу, оның ішінде дербес деректердің есебін «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асыру;

         5) Басқарманың әскери міндетті қызметкерлерін есепке алуды жүргізу, олардың әскери есепке қойылуын, әскери міндетті қызметкерлерді броньдауды бақылауды жүзеге асыру.

  1. Міндеті: Басқарманың персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету.

         Функциялар:

1) Басқармада кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;

2) мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамалардан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету;

         3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

         4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексеру жүргізу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы;

         5) кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру.

  1. Міндеті: мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.

         Функциялар:

         1) Басқармада еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен шарттарының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

         2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.

  1. Міндеті: Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.

         Функциялар:

         1) сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Басқарманың мүдделерін білдіреді;

         2) құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша Басқарма қызметкерлеріне кеңес беру.

  1. Міндеті: құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

         Функциялар:

1) Басқарма әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелері не мемлекеттік органдар әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;

         2) құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Басқарманың бірінші басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды;

3) шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;

         4) Басқармада тұрақты негізде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіреді;

         5) Басқармаға келіп түсетін құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы жүйелі есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады.

  1. Міндеті: Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру.

Функциялар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, Басқармада жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді және іске асырады.

  1. Міндеті: сот-талап қызметін жүргізу.

Функциялар:

1) сот органдарына талап арыз беру;

2) тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында басқарма қатысатын даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

3) заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;

4) заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

  1. Міндеті: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау.

Функциялар:

  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және тіркеу;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды бақылауды жүзеге асырады;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс жүргізуді есепке алуды және жүргізуді ұйымдастырады;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау жөніндегі жұмыстың мониторингі;.
  1. Міндеті: жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру.

         Функциялар:

  • алдын ала жазылу бойынша басқарма басшысының және оның орынбасарларының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру және жүргізу және жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру;
  • жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізуді бақылау болып табылады.
  1. Міндеті: бюджетті жоспарлау және атқару.

Функциялар:

  • басқарманың алдағы қаржылық кезеңге арналған бюджетін қалыптастыру және нақтылау;
  • бюджет қаражатының атаулылығын және нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
  1. Міндет: бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу.

         Функциялар:

  • Басқарманың бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Басқарманың теңгеріміндегі мүліктің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдердің уақтылы жүргізілуін және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімдерде бюджет қаражатын бюджет қаражатын алушылардың шоттарына аударуды қамтамасыз етеді;
  • Басқарма қызметінің түрлері бойынша ай сайынғы, тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептілікті жедел жасау, белгіленген мекенжайлар мен мерзімдерде ұсыну.
  1. Міндеті: мемлекеттік активтерге мониторинг жүргізу.

Функциялар:

1) Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын қарау және келісу;

2) Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын түзетуді қарау және келісу, жарты жылда бір рет;

3) Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларының орындалуы бойынша есепті қарау және келісу;

4) Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру және мониторингілеу;

5) жылдық қаржылық есептілік аудиті негізінде Басқарманың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін бекіту;

  1. Міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.

Функциялар:

1) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыра отырып, басқарманың тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, бекітуге дайындау, нақтылау;

2) ашық конкурс, аукцион тәсілімен, тауар биржалары арқылы, бір көзден, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы шешімдерді әзірлеу және бекітуге дайындау;

3) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық құжаттаманы бекітуге дайындау;

4) конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық немесе сараптамалық комиссияның құрамын қалыптастыру;

5) Мемлекеттік сатып алу веб-порталында хабарландыруларды жариялауды қамтамасыз ету;

8) конкурстық немесе сараптамалық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру.

9) заңнамада белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды әзірлеу, оларға қол қоюды қамтамасыз ету, оларды жасау және мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру;

13) шарттарды әзірлеу және сүйемелдеу.

  1. Міндеті: басқарма қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету.

Функциялар: 

1) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды қабылдауды, деректер базасында тіркеуді ұйымдастыру;

2) қағаз түріндегі құжаттардың дерекқоры арқылы Басқарманың шығыс хат-хабарларын электрондық форматта тіркеуді және жөнелтуді қамтамасыз ету;

3) мұрағатпен келісе отырып, Басқарманың істер номенклатурасын әзірлеуді ұйымдастыру және оның бекітілуін қамтамасыз ету;

4) Басқарманың сараптау комиссиясын құру және құжаттарды мұрағатқа жауапты сақтауға беру туралы шешімдер қабылдау, сондай-ақ тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жоғалтқан құжаттарды жою жөнінде шешімдер қабылдау;

5) Басқарма қызметі барысында пайда болған мұрағаттық құжаттарды жинақтау, сақтау, есепке алу және пайдалану бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру, Басқарманың ведомстволық мұрағатының жұмысын, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы ұйымдастыру;

6) құжаттардың бланкілерін беруді, есепке алуды және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

  1. Міндеті: құжаттардың орындалу барысын бақылау.

Функциялар:

1) жоғары тұрған мемлекеттік органдардың қызметтік құжаттарын, қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, кеңестер, отырыстар хаттамаларын, тапсырмаларын және өзге де құжаттарын олардың түсуіне қарай күн сайын бақылауға қоюды жүзеге асыру;

2) бақылау құжаттарын орындау мониторингі;

3) алдағы аптаға орындау мерзімдерімен бақылаудағы құжаттар бойынша апта сайынғы ескертулер тізбелерін, сондай-ақ ағымдағы аптада орындау мерзімдерімен орындалмаған құжаттарды дайындау.

  1. Міндеті: мемлекеттік тіл саясатын жүргізу.

Функциялар:

1) тіл саясатын орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;

2)  мемлекеттік тілде іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу бойынша мониторинг жүргізу.

3) мемлекеттік тілді үйрену, үштілділікті дамыту басқармасының қызметкерлері үшін курстар өткізуді ұйымдастыру.

  1. Міндеттері: Басқарма қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) басқарманың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

2)  негізгі құралдарды, көлік құралдарын, техникалық жабдықтарды, кеңсе тауарларын және телекоммуникациялық құралдарды басқаруды жарақтандыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.

  1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма басшысы жүктеген өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады, сондай-ақ, оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
  2. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

3) бөлімнің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

4) тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;

5) бөлімнің құзыреті шегінде лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

 

Әкімшілік-қаржы бөлімінің қызмет түрі
Дата публикации
14 октября 2024