Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат
құралдарының мониторингі бөлімінің қызмет түрі
Функциялар:
1) өңірлік электрондық бұқаралық ақпарат құралдары (телеарналар, радио), өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдары (газеттер, журналдар), интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.
2) өңірлік электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыстың жүзеге асырылуын бақылау.
3) өңірде ұлттық телехабар таратуды дамытуды іске асыру барысын қамтамасыз ету.
4) электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының тіл теңгерімін сақтау мониторингі.
5) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның, Ақпараттық ден қоюдың жедел тобының қызметін ұйымдастыру.
6) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сыни материалдарға уақтылы ден қою бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
3) Бөлімнің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;
5) Бөлімнің құзыреті шегінде лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.