Қоғамдық-саяси жағдайды талдау бөлімінің қызмет түрі
- Міндеті:
1) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
2) бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
- Функциялар:
1) Жедел жағдай туралы ақпаратты жинау, қорыту, оның өзгеруі мен ықтимал оқиғаларын болжау негізінде Абай облысында дағдарыстық жағдай қаупі төнген және туындаған кезде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік жедел штаб отырысына ақпарат дайындауды жүзеге асырады;
- ішкі саясат саласында зерттеулердің сапалы жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
- облыс аумағында тұратын қоғамдық-саяси сала субъектілері және облыс аумағында жұмыс істейтін тіркелмеген қоғамдық бірлестіктер туралы деректер базасын қалыптастырады және үнемі жаңартып отырады;
- Қала және аудан әкімдіктеріне келіп түсетін бейбіт жиналыстарды өткізуге арналған хабарламалар мен өтініштердің есебін жүргізеді;
- Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының дерекқорын, халық арасында теріс резонанс тудыруы мүмкін проблемалық мәселелердің тізбесін қалыптастырады;
- Саяси партиялармен өзара іс-қимылды және олардың облыс аумағында өткізетін іс-шараларға қатысуын жүзеге асырады.
- Қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимылды және олардың облыс аумағында өткізетін іс-шараларға қатысуын жүзеге асырады.
- Қоғамдық пікір көшбасшыларының базасын қалыптастырады.
- Мемлекеттік органдардың мамандарына, оның ішінде қалалар мен аудандардың ішкі саясат саласындағы мамандарына өз қызметінің бағыттары бойынша ұйымдастырушылық-практикалық, консультативтік-әдістемелік көмек, ақпараттық қолдау көрсетеді.
- Өз құзыреті шегінде әкімдіктің қаулылары мен әкімнің шешімдерін міндетті түрде келісуді және іске асыруды жүргізеді.