Жастармен және азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызмет түрі
- Міндеті: мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру.
Функциялар:
- мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
- мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға, іске асыру мониторингіне және нәтижелерін бағалауға қатысу;
- азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру.
- Міндеті: үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру.
Функциялар:
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Басқарманың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
- уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты ұсыну;
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асырылуын мониторингілеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіру.
- Міндеті: мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
Функциялар:
- Бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамыту, оның ішінде Азаматтық форум өткізу;
- азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады;
- мемлекеттік органдардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру.
- Міндеті: үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру.
Функциялар:
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған және іске асырылатын тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды Басқарманың интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
- уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру жөніндегі ақпаратты ұсыну;
- мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметін үйлестіру.
- Міндеті: облыстағы Әйелдер жағдайы мен отбасылық – демографиялық ахуал мәселелерін талдауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасындағы отбасылық – демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
Функциялар:
- Абай облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіру мен ұйымдастыру;
- қала және аудан әкімдері жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнінлегі комиссия жұмысын үйлестіру және оларға әдістемелік көмектер көрсету.
- Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма басшысы жүктеген өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады, сондай-ақ оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
3) Бөлімнің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) тұлғаларды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізу;
5) Бөлімнің құзыреті шегінде лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.