№ 11 Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

№ 11 Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

«Абай облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕ ОБЛЫСТЫҚ және РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАР, ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР, БАСПА БАСЫЛЫМДАР (газет және журнал) және ОБЛЫСТЫҚ РАДИОАРНАЛАР арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Абай облысы, Семей қаласы, Ұранхаев көшесі, 53, 3 қабат мекенжайы бойынша жіберіледі, «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ кеңсесі 2024 жылғы 31 қантар күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Абай облысы, Семей қаласы, Ұранхаев көшесі, 53, 3 қабат мекенжайы бойынша 2024 жылғы 01 ақпан күнгі сағат 15:00-де ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын  қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.

№ 11 Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Дата публикации
17 января 2024