№ 15 тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
«Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ өңірлік деңгейде ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕАРНАЛАР, ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР, БАСПА БАСЫЛЫМДАР, РАДИОАРНАЛАР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАР арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыратыны туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 94, 20-кабинет мекен-жайы бойынша жіберіледі, «Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ кеңсесі 2023 жылғы 6 қыркүйек күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 94, 20-кабинет мекенжайы бойынша 2023 жылғы 7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.