Үкіметтік емес сектор
2026 жылы Абай облысында 632 қоғамдық бірлестік тіркелген, оның ішінде: 7 саяси партияның 16 филиалы, 49 кәсіподақ ұйымы, 178 діни бірлестік, 46 этномәдени бірлестік, 391 қорлар мен бірлестіктер. Қалған 46 ҮЕҰ-ның 17-сі өз жұмысын тоқтатты, 28-і қызмет атқармайды, 3-і банкрот.
Гендерлік саясат
Облыста 305,4 мың әйел тұрады, бұл - халықтың 50,9%-ы. Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл кіреді (барлығы 21 адам).
Сонымен қатар, өңірде гендерлік теңдік мәселелері бойынша облыс әкимінің штаттан тыс кеңесшісі – Арайлым Мағашқызы Әлімжанова тағайындалған.