GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
Абай облысының аумағында салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау
19 октября 2026
Үржар әуежайының терминалы жаңғыртылып жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли Үржар ауданының орталығы Үржар ауылындағы әуежай терминалын қайта жаңғырту жұмыстарының барысын көрді.

Үржар ауылындағы әуежай 1978 жылы қолданысқа берілген. Биыл Үкіметтің қолдауымен әуежай терминалын қайта жаңғыртуға арнаулы мемлекеттік қордан 6,2 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы құрылысты аяқтап, нысанды пайдалануға беру үшін облыстық бюджеттен қосымша қаржы қарастырылған.

Жоба аясында терминалдың өткізу қабілеті сағатына 70 жолаушыдан 100–150 жолаушыға дейін ұлғайтылады. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуежайдың мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады. Сондай-ақ, жаңғырту жұмыстары ауданның туристік және экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Аймақ басшысы мердігерлерге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды, тиісті басқармаларға құрылысты тұрақты қадағалауды тапсырды.

«Үржар ауылындағы әуежай терминалын реконструкциялау – ауданның көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды жобалардың бірі. Осыған байланысты мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын бекітілген мерзімде орындауды, сапа талаптарын сақтауды және қаражатты тиімді пайдалануды тапсырамын. Техникалық және авторлық қадағалау қызметтері әр кезеңдегі жұмыстардың сапасына тиісті бақылау жүргізуі қажет. Әсіресе терминалдың инженерлік жүйелеріне, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және қауіпсіздік талаптарына ерекше назар аударылуы тиіс. Біздің мақсатымыз – заманауи талаптарға сай әуежай инфрақұрылымын қалыптастырып, Үржар ауданының көлік қолжетімділігін жақсарту. Сондықтан жобаны сапалы әрі уақтылы аяқтау барлық жауапты тараптардың ортақ міндеті. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!», – деді Берік Уәли.

Бүгінде Үржар әуежайынан Семей бағыты бойынша аптасына екі рет жолаушылар тасымалдануда. Бұған дейін Астана, Алматы және Семей бағыттары бойынша әуе рейстері ұйымдастырылған болатын.

Абай облысының аумағында салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау
14 октября 2026
Өңірде құрылыс сапасына бақылау күшейтілді

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес өңірдегі құрылыс нысандарының сапасына қойылатын талап күшейтілді. Осы бағытта мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы нысандардағы жұмыстардың орындалу барысын бақылауда ұстап отыр.

Басқарма басшысы Сайлауғалы Байназаров Семей қаласындағы Би Боранбай көшесі, 47А және 45/1 мекенжайларында орналасқан әскери госпитальдарды аралап, күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу барысымен танысты.

Бұған дейін жүргізілген тексерулер кезінде бірқатар кемшілік анықталған. Олардың қатарында қабырғалар мен төбедегі ылғал іздері, жылу жүйелерін орнату кезіндегі талаптардың сақталмауы, жылу оқшаулағыш қабаттағы саңылаулар және электр сымдарын монтаждаудағы кемшіліктер бар.

Негізгі міндет - құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету және анықталған кемшіліктердің жойылуын бақылау.

14 сентября 2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының қызметкерлері бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында басқарма ұжымы өздеріне бекітілген аумақтарды толықтай тазалап, жиналған қоқыстарды жинау және шығару жұмыстарын атқарды.

Тазалық жұмыстарына басқарма қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және елді мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Аталған акция аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Абай облысының аумағында салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау
18 августа 2026
Абай облысының МСҚБ техникалық қадағалау өкілдерімен кездесті

Абай облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының (МСҚБ) басшысы Сайлаугалы Байназаров техникалық қадағалау есептерінің сапасына және нысандарда құрылыс нормаларының сақталуына ерекше назар аударды.

Оның айтуынша, кейбір есептер өрескел заң бұзушылықтармен ұсынылады. Мониторинг барысында анықталған құрылыс-монтаж жұмыстары (ҚМЖ) бойынша бұзушылықтар көбіне есептерде көрсетілмейді немесе деректер бұрмаланып толтырылады. Бұл өз кезегінде елеулі салдарға әкелуі мүмкін.

– Бір нөмірмен, бірақ әртүрлі нысандар бойынша алты есеп ұсынылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша заң бұзушылықтар анық байқалады, оларды тексерудің өзі қажет емес. Құдықтар оқшауланбаған, блоктарды қалау жұмыстары сапасыз орындалған. Оның үстіне, бұл - мемлекеттік тұрғын үйлер. Жауапкершілікке тарту қажет. Егер жыл басынан бері құрылыс нормаларын бұзғаны үшін құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 54 әкімшілік жаза қолданылып, жалпы сомасы 35,2 млн теңгені құраса, техникалық қадағалаудың 27 сарапшысына қатысты 13 әкімшілік іс қозғалған, істерді қарау қорытындысы бойынша 4 компания мен 9 сарапшы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 9,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп атап өтті Сайлаугалы Байназаров.

Абай облысының аумағында салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау
29 июля 2026
Абай облысы Қалбатау ауылы аумағында салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге 2026 жылғы мониторинг

Қазақстан  Республикасы   Ұлттық   экономика   министрінің 2014 жылғы  13 қарашадағы № 86 «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес бекітілген Абай облысы аумағында салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге  2026 жылғы мониторинг барысы.

Құрылыс нысандары: бассейн құрылысы

Абай облысының аумағында салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау
29 июля 2026
Абай облысы Аягөз ауданы аумағында салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге 2026 жылғы мониторинг

Қазақстан  Республикасы   Ұлттық   экономика   министрінің 2014 жылғы  13 қарашадағы № 86 «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес бекітілген Абай облысы аумағында салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге  2026 жылғы мониторинг барысы.

Құрылыс нысандары: Аягоз қаласы және Қопа ауылындағы спорт кешендері.

Абай облысының аумағында салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау
29 июля 2026
Абай облысы Шар қаласы аумағында салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге 2026 жылғы мониторинг

Қазақстан  Республикасы   Ұлттық   экономика   министрінің 2014 жылғы  13 қарашадағы № 86 «Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу тәртібін айқындайтын қағидаларын бекіту туралы»  бұйрығына сәйкес бекітілген Абай облысы аумағында салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендерге  2026 жылғы мониторинг барысы.

Құрылыс нысандары: вокзал және бассейн құрылысы

15 июня 2026
«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң

Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін реформалайтын жаңа заңнамалық түзетулер қабылданды. Жаңа редакциядағы заң саланың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделген. Оның басты мақсаты – мемлекеттік аппаратты халыққа бағдарланған сервистік модельге көшіру, процестерді цифрландыру және қызметшілерді әлеуметтік қолдау. Заңдағы өзгерістер туралы Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен жиналыста түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда заң жобасындағы ең негізгі өзгерістер:

  1. Сервистік модель және «клиентке бағдарлану»
    Мемлекеттік қызмет тек еңбек қатынасы болудан қалып, ұлттық басымдықтарды жүзеге асыратын негізгі институтқа айналады. Өтініштерді формалды негіздермен қараудан бас тартуға тыйым салынады, азаматтар үшін құқықтық және цифрлық кедергілер жойылады.
  2. Ауыл әкімдері мен сайланбалы тұлғалардың ерекше мәртебесі
    Сайланатын лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметшілердің жеке санатына жатқызылады. Олар: арнайы курстарда оқиды, ротациядан, уақытша басқа органға жіберуден және тәлімгерліктен босатылады, теріс қылықтары үшін қызметтен босату тек тиісті мәслихаттың шешімімен жүзеге асырылады.
  3. Кадрларды іріктеу толық цифрландырылады
    Іріктеу және басқару процесі «Е-қызмет» жүйесі арқылы онлайн форматқа ауысады. Егер мемлекеттік органда қандай да бір лауазым 3 айдан артық бос тұрса, жүйе оған автоматты түрде конкурс жариялайды. Жастарды мектеп пен ЖОО қабырғасынан бастап мемлекеттік қызметке даярлау институты енгізіледі.
  4. Бір лауазым ішінде мансаптық өсу
    «Б» корпусының қызметшілері үшін бір лауазым шеңберінде лауазымдық деңгейлер енгізіледі. Енді қызметшінің жалақы көлемі осы деңгейге байланысты болады. Бұл жоғары лауазымға секірмей-ақ, өз орнында кәсіби өсуге ынталандырады.
  5. Әлеуметтік кепілдіктер және зейнетақы төлемі
    Мемлекеттік қызметте кемінде 25 жыл еңбек өтілі бар қызметшілерге зейнетке шыққан кезде 4 лауазымдық жалақы көлемінде міндетті жәрдемақы төленеді. Еңбек өтіліне байланысты негізгі демалысқа қосымша 3, 5 немесе 10 күндік ақылы демалыс, сондай-ақ жыл ішінде 10 күннен аспайтын қысқа мерзімді ақылы демалыс берілуі мүмкін.
  6. Артық жұмыс уақыты мен демалыс күндеріне төлем
    Мерзімнен тыс жұмыс істегені үшін қызметшіге демалыс күндері беріледі немесе үстемақы төленеді. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс үшін күндік ставкадан кемінде 1,5 есе жоғары мөлшерде ақы төленеді.
  7. Басқа өңірге ауысқандағы көмек
    Қызметші ротациямен немесе ауысумен басқа елді мекенге көшкен жағдайда, оған тұрғын үй төлемтері, көшіп бару жәрдемақысы және мүлкін тасымалдау шығындары өтеледі. Сондай-ақ, орган ішінде немесе оның аумақтық бөлімшелерінде басқа қызметке ауысу мүмкіндіктері кеңейтілді.
  8. Тәртіптік жауапкершілік және нашақорлықтың алдын алу
    Тәртіптік жазалардың мерзімдері олардың ауырлығына қарай бөлінеді. Жазадан бөлек, алдын алу шаралары ретінде профилактикалық әңгімелесу және құзыреттілікті тексеру тетіктері енгізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің есірткі тұтынуын анықтау және алдын алу мақсатында міндетті медициналық куәландырудан өту талабы бекітілді.

 

Сондай-ақ мемлекеттік қызметші қызметтік әдепті сақтауға, мінсіз беделді ұстануға, жағымсыз қоғамдық резонанс туғызуға немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттер мен мінез-құлықтан тартынуға міндетті екені, мемлекеттік қызметшілер өздерінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік аппараттың оң имиджін қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға үлес қосуы, ең бастысы «Адал азамат» қағидаттарына сай болуы,  мемлекеттік қызметшілер ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу мақсатында электронды үкімет порталы арқылы шектеулер қою туралы талқыланды.

Абай облысының аумағында салынып жатқан объектілерді мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау
08 мая 2026
Ескерту!

Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы ескерту ретінде төмендегі объектілер бойынша коммерциялық тұрғын үй құрылысы  объектілерінде бастапқы рұқсат беру құжаттарының толық жиынтығының жоқтығы туралы хабарлайды:

Жібек жолы, 55 – «Dala SK Construction» ЖШС

Жамақаев көшесі, 167 – «Bolashak Global» ЖШС

Аймауытов көшесі,157 «Алтын Ұя Семей» ЖШС

Герцен көшесі,110  «Алтын Ұя Семей» ЖШС

Семенов-Тянь-Шанский көшесі, 8 – «Abai Qurylys» ЖШС

Абай көшесі, 74 – «Даму Строй LTD» ЖШС

Жамакаев көшесі ,70 «Алтын Ұя Семей» ЖШС

Семей-Павлодар трассасы,34  «ЖК Кульжекенов Д.Т.»

Найманбаев көшесі ,189 А «ЖК Булеуханова Р.Т.»

27 апреля 2026
Жұмыс кездесуі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, қызметтерді цифрландыру және қолданыстағы заңнама

Басқарма қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өткізіліп, жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар және ашықтық мәселелері көтеріліп, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекторлары тарапынан инспектордың құрылыс субъектісімен тікелей байланысын азайту үшін қызметтерді цифрландыру сұрақтарының өзектілігі талқыланды. Сондай ақ қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар ұжыммен талқыланды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы