Электронды лицензиялау және аттестаттау жұмысы өтініш түскеніне байланысты жүргізілуде.
Ағымдағы жыл басынан бері 2 екінші категориялы, үшінші категориялы 11 құрылыс монтаждау лицензиялары алынды.
Жобалау саласында үшінші категориялы - 2 лицензия берілді.
Техникалық сарапшы аттестаттарын алуға 121 өтініш түсіп, 36 аттестат берілсе, 85 қабылданбады.
Ағымдағы жылы Басқарма жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының 2477 өтініштері мен арыздарын қарады, өтініштер көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 75% өскен.