Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

БЕКІТІЛДІ

«Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы

____________________ Аманжолов Ч. Н.

2024 жылғы  «____» ________________

№ ____ бұйрығы

 

Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ 

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі (бұдан әрі мәтін бойынша – Бөлім) Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар", "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарын, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құрылыс нормалары  және қағидаларын, облыстық атқарушы және өкілді органдардың нормативтік актілерін, Абай облысы әкімдігінің бұйрықтарын және қаулыларын, Абай облысы әкімінің шешімдері  және өкімдерін, Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ережені   басшылыққа алады.  
  4. Бөлім туралы ережені, оның құрылымын, штат санын және персонал арасындағы міндеттерді бөлуді басқарма басшысы бекітеді.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері
  2. Бөлімнің негізгі міндеттері:

         1) облыс аумағында жүзеге асырылатын сәулет-құрылыс бақылау жүйесіне кіретін мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, орталық (республикалық) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау; 

         2) өңірлердегі және жалпы облыс бойынша құрылыс өнімдері сапасының нақты жай-күйіне талдау жүргізу; 

         3) қаржыландыру көздеріне қарамастан, тапсырыс беруші бекітетін жобалар бойынша салынып жатқан объектілерді инспекциялау арқылы ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс сапасын бақылау; 

         4) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жоспарлау, қайта жабдықтау немесе қайта бейіндеу жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау;   

         5) Құрылыста қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, жабдықтардың және үй құрылысы заттарының сапасын бақылау;

         6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектілерді салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу сапасын, сондай-ақ құрылысы аяқталған тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларының сақталуын бақылау;  

         7) Құрылыс, қайта жаңарту және күрделі жөндеу объектілерінің мониторингі. 

8) Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, материалдық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.

 

  1. Бөлімнің функциялары
  2. Негізгі міндеттерге сүйене отырып, бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:

5.1 мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру: 

  • тапсырыс берушіде (құрылыс салушыда) оның осы жер учаскесіне тиісті құқықтарын растайтын құжаттардың және мердігермен (бас мердігермен)шарттың болуына;
  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензиялардың болуына;
  • белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаттың болуына;
  • құрылысқа қатысушылардың атқарушы техникалық құжаттаманы уақтылы рәсімдеуі және жүргізуі, соның ішінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізуіне;
  • қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының, монтаждалатын жабдықтың сапасына, тиісті сертификаттардың болуына;
  • орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекітілген жобалық шешімдерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және ғимараттардың (құрылыстардың)пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігіне;
  • мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын ұйымдастыруына және жүзеге асыруына;
  • техникалық және авторлық қадағалаулармен қолдау арқылы құрылысты ұйымдастыру және жүзеге асыруға.
  1. Қала құрылысы және жобалау құжаттамасының сапасын бақылауды, жобалау құжаттамасының сараптамасын ұйымдастыру.
  2. Бақылауды жүзеге асырады:

- тексеру нәтижелері бойынша құрылыс субъектілеріне берілген нұсқамалардың орындалуына;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау кезінде материалдардың дұрыс және сапалы ресімделгеніне;

- тексеруді тағайындау туралы актілердің уәкілетті органда уақтылы тіркелуіне.

  1. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің құрылыс-монтаждау жұмыстарына, объектілер мен кешендерді салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеуге жұмыстардың басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру;
  2. Басқарманы ұстауға арналған қаржыландыру жоспарын орындау бойынша оны жүргізудің белгіленген ережелері негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастырады;
  3. Жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімдерде жоймаған заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдау;
  4. Басқарманы ұстауға арналған қаржыландыру жоспарын орындау бойынша оны жүргізудің белгіленген ережелері негізінде бухгалтерлік есепті ұйымдастырады;
  5. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөліміне жалпы басшылықты жүзеге асыру, өкілді және атқарушы билік органдарымен ұйымдастырушылық ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
  6. Бөлімге жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

  1. Бөлнің құқықтары
  2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұратуға;
  3. тапсырыс берушілерден танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқару құжаттамасын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындыларын сұратуға;
  4. Салынып жатқан объектілерге кедергісіз баруға, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жобалау-сметалық, технологиялық және атқарушылық техникалық құжаттамамен танысуға мүмкіндік береді;
  5. Тапсырыс беруші мен құрылыс ұйымдарынан құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысына байланысты қажетті мәліметтерді және объектілер мен негізгі қорларды қолданысқа енгізу жөніндегі есептік деректерді алу;
  6. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мемлекеттік басқару мен статистиканың жергілікті органдарынан, жетекшілік ететін салалардың кәсіпорындарынан және басқа да ұйымдардан оның қызметіне қатысты ақпарат алу;
  7. Облыс әкімдігінің мәжілісінде қарау үшін мемлекеттік органның жұмысын жетілдіру және жақсарту жөніндегі мәселелер мен ұсыныстарды шығару;
  8. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің және әкімдігінің актілерін мемлекеттік органдар мен жетекшілік ететін салалар субъектілерінің орындауын бақылауды жүзеге асыру;
  9. Құрылыс-монтаж ұйымдарының меншікті бақылау қызметтері, тапсырыс берушілердің техникалық қадағалауы және жобалау ұйымдарының авторлық қадағалауы жұмысының тиімділігіне тексеру жүргізу;
  10. Құрылыс ұйымдары мен тапсырыс берушілерге қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерінің анықталған бұзушылықтарын белгіленген мерзімде жою туралы ұйғарымдар беру;
  11. Құрылыс заңнамасын және құрылыс және сәулет саласындағы нормативтік актілердің талаптарын өрескел бұзғаны үшін объектілер мен кешендердің құрылысын тоқтату;
  12. Салынып жатқан объектілерде мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттардың талаптарын бұза отырып дайындалған, сондай-ақ дұрыс монтаждау, сақтау немесе тасымалдау нәтижесінде өзінің сапалық сипаттамаларын жоғалтқан материалдарды, бұйымдар мен конструкцияларды қолдануға тыйым салу;
  13. Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы заңнамалық актілер мен мемлекеттік нормативтердің талаптарын, сондай-ақ құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
  14. Құрылыстағы нормативтік актілердің талаптарын өрескел бұзатын лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы ұсыныстар енгізу;
  15. Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынан туындайтын басқа да құқықтарды пайдаланады.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
  2. Бөлімді басқарма басшысы тағайындайтын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы бөлім жұмысына жалпы басшылықты және бөлім құзыретіне жататын бұйрықтар мен нұсқаулардың уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
  4. Бөлімнің жұмыс жоспарларын дайындайды және олардың орындалуын бақылайды, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауап береді, бөлім қызметінің маңызды мәселелерін талқылау бойынша жедел кеңестер өткізеді.
  5. Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтардың жобаларын, өзге де құжаттамаларды, кеңестерде қарау үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, бөлімнің жұмысын басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінің және мемлекеттік органдардың қызметімен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
  6. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу, жазалау бойынша ұсыныстар енгізеді.
  7. Бөлім басшысы болмаған кезде оның міндеттерін орындау бөлім басшысының ұсынысы бойынша басқарма бұйрығымен бөлім қызметкерлерінің біріне жүктеледі.
Дата публикации
13 декабря 2024