Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram мессенджерінде бот іске қосты

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

  • Қомақты мөлшерде ақша салу қажеттілігі;
  • Жоғары табыстылық пен жоғары пайыздық кіріс туралы уәделер;
  • Жобаға жаңа қатысушыларды (таныстарды, туыстарды, әріптестерді) міндетті түрде тарту талабы;
  • Жобаның «ноу-хау» ретінде ұсынылуы;
  • Компанияның жақында ғана тіркелуі, жарғылық капиталының аз болуы және жалғыз құрылтайшысының болуы;
  • Интернетте белсенді әрі навязчивті жарнаманың жүргізілуі;
  • Құқықтық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе шартта міндеттемелер мен жауапкершіліктің көзделмеуі);
  • «Инвестициялық жобалар», «желілік маркетинг», «тұтыну кооперативтері», «микроқаржы ұйымдары» және т.б. ретінде бүркемеленуі;
  • Қолма-қол ақша, криптовалюта қабылдауы немесе банктік шоттарды пайдаланбай әртүрлі төлем жүйелері арқылы қаражат тартуы;
  • Азаматтардың ақшасын тартуға арналған лицензиясының болмауы (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Астана халықаралық қаржы орталығы лицензияларының болмауы).
Дата публикации
19 августа 2024