Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.
Басқарманың негізгі мақсаты Абай облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Басқарудың негізгі функциялары:
-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
2025 жылдың 12 айында 789 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Рәсімделгені - 111
Бас тартылған немесе қайтарылғандары – 119
Оның ішінде:
Аттестация қолданылды - 49 қызмет;
Аттестация қайтарылды - 119
Лицензиялау – 62
II санатты құрылыс-монтаждау жұмыстарының лицензиясы - 3
III санатты құрылыс-монтаждау жұмыстарының лицензиясы - 12
III санатты жобалау жұмыстары - 2
инженерлік-іздестіру - 1
Қайта рәсімделгендері - 44.