2026 жылғы 30 шілдеде сағат 16:00-де жұмыс тобы Семей қаласы, Абай көшесі, 97-үй мекенжайы бойынша «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын жария талқылайтын болады.
«Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз UGZ_Abai_oblysy@mail.kz құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
2025 жылғы 16 шілдеде сағат 16:00-де жұмыс тобы Семей қаласы, Абай көшесі, 97-үй мекенжайы бойынша «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындыларын жария талқылайтын болады.
«Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар, талдау объектісінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер болған жағдайда ақпаратты электрондық поштаға жіберуді сұраймыз UGZ_Abai_oblysy@mail.kz. Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасы арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;
4) мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;
5) отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;
6) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына, мүдделер қақтығысына жол бермеу;
8) орнықты мемлекеттік сатып алуды дамыту.
Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып өткізілетін конкурс уәкілетті орган бекіткен тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылады, атап айтқанда:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары;
- жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстар;
- құрылыс-монтаж жұмыстарын техникалық қадағалау (жобаларды басқару) бойынша инжинирингтік қызметтер.
Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссия құрылмайды.
Рейтингтік-баллдық жүйе пайдаланылатын конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін веб-портал рейтингтік-баллдық жүйе пайдаланылатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырылады және орналастырылады.
Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып жүргізілген конкурстың қорытындылары «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңның 25-бабының тәртібімен шағымдануға жатпайды.
Абай облысындағы электрондық дүкен арқылы тауарларды мемлекеттік сатып жұмыстары тұрақты өтуде
Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесі жыл сайын бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыруға және тұтастай алғанда жүйенің өзін жаңғыртуға бағытталған елеулі өзгерістер болып жатыр.
Ол үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері де өзгертіледі. 2022 жыл бастап рейтингтік-балдық жүйені және негіздемелік келісімдерді пайдаланатын конкурстың екі жаңа кіші түрі, сондай-ақ электрондық дүкен арқылы сатып алу тәсілдері қолданысқа енгізілді.
Бұл өзгерістер, ең алдымен, мемлекеттік сатып алу қорытындыларына адами фактордың әсер етуін болдырмай, рәсімдерді жүзеге асыру мерзімдерін қысқартады.
Электрондық дүкен арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу тәсілі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-1-бабына сәйкес жалпы құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспайтын біртекті тауарларға қолданылады.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының бірыңғай операторының ("Электрондық қаржы орталығы" АҚ) шешімімен Omarket.kz ақпараттық жүйесі мемлекеттік сатып алудың осы тәсілі үшін электрондық дүкен ретінде анықталған.
2023 жылдың өткен кезеңі ішінде Абай облысының тапсырыс берушілері Omarket.kz электрондық дүкені арқылы жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы 5 327 шарт жасады
Ағымдағы жылға барлығы Omarket.kz көмегімен жалпы сомасы 1,9 млрд. теңгеге тауарлар сатып алу жоспарланған.
Электрондық дүкен арқылы тауарларды мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушілер мен өтінім берушілердің өзара іс-қимылының екі жақты тиімді тетігі болып табылатынын атап өткен жөн. Себебі, бірінші тарап үшін бұл жарғылық қызметті қамтамасыз ету үшін тауарларды сатып алу рәсімін жеңілдетеді және жеделдетеді, ал екінші тарап үшін біліктілік, оның ішінде қаржылық тұрақтылық бойынша талаптарға сәйкестік тұрғысында шектеусіз мемлекеттік сатып алуда жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Жаңашылдықтар құрылыс нарығын монополиясыздандыруға және бәсекелестікті дамытуға бағытталған.
Енді шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі қосымша өлшемшарттар ескеріледі.
Жұмыстарды орындау аумағында тіркелген өнім берушіге 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.
Аумақтық белгі құрылыспен байланысты емес жұмыстар (техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды қоспағанда) және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 400 мың АЕК-ке дейінгі мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
Орындауында мемлекеттік сатып алу туралы шарты бар әлеуетті өнім берушіден әрбір шарт үшін жалпы шартты жеңілдіктің 0,1%-ы алынады.
Теріс мәндер құрылыс-монтаждау жұмыстарына, ведомстводан тыс кешенді сараптама, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарына және инжинирингтік қызметтерге қолданылады.
Мемлекет басшысының құрылыс нарығын монополиясыздандыру тапсырмасы шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмыс мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді және өңірлерде салық түсімдерін ұлғайтуға ықпал етеді.
Аталған өлшемшарттар Қаржы министрлігінің 2023 жылғы 1 наурызында № 225 бұйрықпен (ӘМ-де 02.03.2023 ж. № 31994 болып тіркелген) қабылданды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдар құрылыс нарығын монополиясыздандыру және оны бәсекеге қабілетті дамыту жөнінде шараларды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізуде.
Қаржы министрлігімен құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс атқарылуда.
Ағымдағы жылдың 1 наурызында № 225 бұйрықпен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурыздағы № 31994 болып тіркелген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді.
Енді шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі және теріс мәндер түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін қосымша өлшемшарттар ескерілетін болады.
Осылайша, жұмыстарды орындау аумағында тіркелген өнім берушіге 1% мөлшерінде шартты жеңілдік берілетін болады.
Аумақтық белгі техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, құрылыспен байланысты емес жұмыстар және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша 400 мың АЕК-ке дейінгі мемлекеттік сатып алуға қолданылатын болады.
Бұл өлшемшарт шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға, сондай-ақ тиісті өңірде салық түсімдерін ұлғайтуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, орындауында ағымдағы қаржы жылында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарты бар әлеуетті өнім берушіден әрбір шарт үшін жалпы шартты жеңілдіктің 0,1%-ы алынатын болады.
Теріс мәндер құрылыс-монтаждау жұмыстарына, ведомстводан тыс кешенді сараптама, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу жөніндегі жұмыстарына және инжинирингтік қызметтерге қолданылатын болады.
Бұл мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына мүмкіндік бермей, барлық мемлекеттік сатып алуға қатысатын жекелеген ірі компаниялардың бүгінгі таңда қалыптасқан монополиялық жағдайын төмендетуге мүмкіндік береді.
Жалпы, бұл жаңашылдықтар құрылыс нарығын монополиясыздандыруға және бәсекелестікті дамытуға мүмкіндік береді.
Жаңа өлшемшарттар Бұйрықтың қолданысқа енгізілгеннен кейін, яғни ағымдағы жылдың 22 наурызынан бастап жарияланған мемлекеттік сатып алуларға қолданылатын болады.