2024 жылы 260,2 млрд.теңге сомасына 137 752 жоспардың тармағы бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу жоспарланды. Жеткізушілерді айқындау үшін 228,9 млрд.теңге сомасына мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді, оның ішінде 197,5 млрд. теңге (немесе 86,2%) орталықтандырылған тәртіппен, яғни бірыңғай ұйымдастырушылар арқылы өткізілді.
Бүгінгі күнге дейін 239,9 млрд. теңге сомасына 116 216 мемлекеттік сатып алу шарттары жасалды. Оның ішінде бір көзден сатып алу арқылы жасалған шарттардың сомасы 25,1 млрд.теңгені құрады. Бәсекелестік тәсілдермен жүргізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жасалған шарттардың үлесі – 73 %.
Өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша қаражатты үнемдеу 14,8 млрд.теңгені немесе жалпы соманың 6,7% - құрайды.