2023 жылдағы Абай облысының
мемлекеттік сатып алуды өткізу барысы
және мониторингі туралы ақпарат
2023 жылы жоспардың 169,8 тармағы бойынша 274,4 млрд. теңге сомасына мемлекеттік сатып алуды өткізу жоспарланды.
Жеткізушіні айқындау үшін 232,7 млрд.теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді, оның ішінде 114,8 млрд. теңге (немесе 72,9%) орталықтандырылған тәртіппен, яғни бірыңғай ұйымдастырушылар арқылы.
Осы уақыт ішінде 232,7 млрд. теңгеге 159 827 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды. Бәсекелестік тәсілдермен жүргізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесінде жасалған шарттардың үлесі - 84,5%.
Өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша қаражаттарды үнемдеу 13,9 млрд. теңгені немесе жалпы соманың 5,03 % құрады.
Бір көзден сатып алу арқылы жасалған шарттардың сомасы 25,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өткізілмеген деп танылған сатып алудан кейін жасалған шарттардың құны 7,6 млрд.теңгені құрады.