«Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Бізбен, жұмыс тобының құрамы: «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы М. Омирхановпен, «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің басшысы Б. Тулегеновпен, «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің басшысы – А. Жунусовпен, «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алу мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс атқару бөлімінің басшысы – А. Кожахметовамен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңіне «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Басқарма басшысының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 01-02/25-1 бұйрығының негізінде жүргізілді.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-III, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V заңдарын, «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысын, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысын, «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысын, «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысын, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысын, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығын, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығын, «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығын, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығын, «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығын басшылыққа алады.
Басқарманың негізгі қызметі – Абай облысының бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мыналар анықталды:
Бағыт бойынша — мемлекеттік сатып алуды өткізу
Индикатор бойынша: құқықтық алшақтық
1.1) Мемлекеттік сатып алуды, атап айтқанда жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірінші және екінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу веб – порталындағы рұқсаттар анықтамалығында (бұдан әрі-анықтамалық) іздеген кезде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңында жоқ бірінші және екінші санаттағы рұқсаттардың атаулары болады.
Бұл мән-жайлар тікелей сыбайлас жемқорлық тәуекелі болып табылады, өйткені тапсырыс берушілер белгілі бір өнім берушіні лоббилеу кезінде анықтамалықта бар, бірақ «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР заңында жоқ рұқсатты көрсете алады.
Ұсыныстар:
Ұсыныс 1) Анықтамалықты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес келтіру қажеттілігі туралы ҚР Қаржы министрлігіне хат жолдау.
Бағыт бойынша — Ұйымдастыру-басқару қызметі
Индикатор бойынша: қызметтің ашықтығы және жариялылығы
Сипаттама:
2.1) талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелінің келесі жоғары аймақтары анықталды:
Егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпаса, қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топтық мүдделерде пайдалану.
Ұсыныстар:
Ұсыныс 1) Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік шаралары туралы түсіндіру.
Бағыт бойынша — Ұйымдастыру-басқару қызметі
Индикатор бойынша: қызметтің ашықтығы және жариялылығы
Сипаттама:
2.2) материалдық құндылықтарды тіркеу және мүліктің деректер базасын жүргізу.
- мүлікті тіркеу есебіне уақтылы қоймау;
- материалдық құралдар мен шығыс материалдарын тіркеу есебінен әдейі мерзімінен бұрын есептен шығару;
- мүліктің болуы мен сақталуын тұрақты бақылаудың болмауы.
Бағыт бойынша — Ұйымдастыру-басқару қызметі
Индикатор бойынша: қызметтің ашықтығы және жариялылығы
Сипаттама:
2.3) бюджет қаражатын пайдалану туралы шешімдер қабылдау.
Бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану.
Ұсыныстар:
Ұсыныс 1)
Құқық қорғау органдарының өкілдерін шешім қабылдауға тарту.
Бағыт бойынша — Ұйымдастыру-басқару қызметі
Индикатор бойынша: қызметтің ашықтығы және жариялылығы
Сипаттама:
2.4) шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден шарт жасасу.
- жеке мүддесі үшін белгіленген тәртіп пен заң талаптарын бұза отырып мәмілелер жасау;
- тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар үшін негізсіз артықшылықтарды белгілеу.
Ұсыныстар:
Ұсыныс 1)
Барлық әлеуетті өнім берушілер арасында Заңның 13-бабында айқындалған бәсекелестік тәсілдермен рәсімдерді жүзеге асыру.
Бағыт бойынша — Ұйымдастыру-басқару қызметі
Индикатор бойынша: қызметтің ашықтығы және жариялылығы
Сипаттама:
2.5) құжаттарды, анықтамаларды, есептілікті жасау, толтыру.
Есепті құжаттарда көрінеу жалған мәліметтерді бұрмалау, жасыру немесе ұсыну.
Ұсыныстар:
Ұсыныс 1)
Есептілік құжаттарын жүзеге асыратын қызметкерлердің қызметін бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Бағыт бойынша — Ұйымдастыру-басқару қызметі
Индикатор бойынша: қызметтің ашықтығы және жариялылығы
Сипаттама:
2.6) еңбекақы төлеу.
Қызметкер жұмыс орнында болмаған жағдайда жұмыс уақытына толық ақы төлеу.
Ұсыныстар:
Ұсыныс 1)
Қызметкерлердің тәртібін, жұмыс уақытын есепке алу табелінің дұрыс жүргізілуін бақылауды ұйымдастыру.