Улы газбен улану

Улы газбен улану

Улы газбен улану жағдайларына негізгі себепкер болатын өрт қауіпсіздік талаптарын орындалмауынан (бітелген мұржа, жану және пештің конструкцияларындағы жарықтар).
Осыған орай, улану фактілерінің барлығы азаматтардың жылытатын құрылғыларға (өрт қауіпсіздігі талаптарын елемеу, от жағатын пештердің дұрыс жұмыс жасалмауы) немқұрайлы қарауымен байланысты, зардап шеккендердің саны көбейеді және көбінесе адамдар өздері емес, отбасылары, балалары зардаптарын шегеді. Сондықтан, Жарма ауданының тұрғындарының арасында улану фактілерін болдырмау үшін қарапайым ережелерін сақтау қажет:
- электр жылытқыштар мен пештерді жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша қарапайым шараларды сақтау;
- үйдегі пештерді тексеру және жөндеу;
- жиналған күлден үнемі тазартқыштар мен пештерді тазалау;
- үйде, шатырда немесе гаражда көмірді жағуға болмайды;
- жабық бөлмеде немесе ұйықтайтын бөлмеде желдеткіш жоқ газ құрылғыларын пайдаланбаңыз;
- бөлмені қыздыру үшін газ плитасын, пешті немесе кептіргішті қолданбаңыз.

Жарма ауданы ТЖБ-і