
Азаматтардың өрт қауіпсіздігі - азаматтардың өз қолында. Тұрғын сектордағы өрттердің салдары - адамдардың қаза болуы, тұрғын үй мен материалдық құндылықтардың жойылуы.
Көптеген тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі бірінші орында тұрмайды. Осындай абайсыздықтан басындағы баспаналарынан айырылады, кейде денсаулығы мен өз өмірлеріне қауіп төнеді.
Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі бірінші орында тұрмайды. Тұрмыстық электр жылытқыштарының, электр жабдығының істен шығуы және электр желілерінің бұзылу салдарынан өрттер жиі орын алады. Өрттің пайда болу себептері көбінесе пештің дұрыс жұмыс істемеуі немесе оны пайдалану ережелерін бұзуы болып табылады.
Жарма ауданы ТЖБ-нің және №32 ӨСБ-нің қызметкерлері тұрғын үй секторында апта сайынғы алдын алу іс-шараларын өткізіліп жатыр. Халықпен кездесулер өткізу кезінде, алдын-алу шаралары, брифингтер және өрт қауіпсіздігі ережелерінің жаднамалары, өрт кезінде іс-әрекеттер, шұғыл қызметтердің телефон таратылды.
Үйіңізге апат келмеу үшін өрт қауіпсіздігінің талаптарын үнемі қатаң сақтаңыз. Есіңізде болсын, электр жабдықтары немесе пештерді жөндеуге, өшірілмеген темекі немесе қосылған және қалдырған электрлі құралдарын жөндеуге кететін шығындарға байланысты«үнемдеу» өміріңізге тұрмайды. Балалардың қауіпсіздігі туралы қамқорлық жасаңыз - оларды бос уақытпен қамтамасыз етіңіз және қараусыз қалдырмаңыз.Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефонына өрт сөндірушілерге қоңырау шалып шақырыңыз. Келгенге дейін адамдарды және мүлікті шығаруды ұйымдастырыңыз. Өртті сөндіруге қолданатын құралдармен әрекет етіңіз және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.