
Әкімшілік қүқық бұзушылық бойынша шығарылған қаулыны уақытында орындау мақсатында, Жарма ауданы аумағында ағымдағы жылдың 08-10 қыркүйек аралығында прокуратура, әділет департаменгті, жеке сот орындаушылар, сондай-ак бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Жедел профилактикалық іс-шара барысында атқарушылық органдармен бірлесіп борышкерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп, оларға айыппұлдарды мәжбүрлеп төлету шаралары қолданылады.
Сол себепті айыппұл төлемеген азаматтардан айыппұлдарын заңда көрсетілген мерзім ішінде төлеулерін сұраймыз.
ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі айыппұл салу туралы қаулы шыққан күннен бастап отыз тәулік. Әкімшілік айыппұлды ерікті түрде төлмеген тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабына сәйкес жауапқа тартылып оларға қатысты бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы немесе бес тәулік мерзімге дейін әкімшілік қамаққа қамалуы мүмкін.
Құрметті тұрғындар, салынған айыппұлды уақытында төлеп, төленген түбіртекті Бабатай ұлы көшесі 36 үйде орналасқан Жарма АПБ-нің ӘПБ-нің инспекторына тапсыруларыңызды сұраймыз. Сұрақтар бойынша 8 775 376 70 63, 8 777 331 30 90 хабарласуыңызға болады.
Жарма АПБ ӘПБ әкімшілік тәжірибе инспекторы полиция капитаны Е.Джазыбаев