Судағы қауіпсіздік шарттары

Судағы қауіпсіздік шарттары

Жарма ауданы Төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері судағы қауіпсіздік қағидалары турлы азаматтарға ескертеді:
- Ересектер балаларға, лагерлерге, туристік жорықтарға, пикниктерге аттанар алдында су нысандарындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру керек.
- Жақсы жүзе білу-судағы қауіпсіз демалудың маңызды кепілдерінің бірі, бірақ жақсы жүзуші үнемі сақтықты, тәртіпті сақтау және суда өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң ұстану керек.
- Шомылу алдында демалу керек. Суға мас күйінде кіруге болмайды.
- Жағадан алыс жүзбеңіз, ескерту белгілерінен асып кетпеңіз.
- Арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыз.
- Таныс емес жерлерде суға түсер алдында түбін тексеріңіз. Суда абайлаңыз, су белге жеткенде тоқтаңыз.
- Ешқашан жалғыз жүзбеңіз, әсіресе өз күшіне сенімді болмаса.
- Жалған апат сигналдарын бермеңіз.
- Балалардың таяз суда ойнауын қадағалаңыз, себебі олар ойын кезінде құлап, тұншығып кетуі мүмкін.
- Мас күйінде суға кірмеңіз.

Жарма ауданы ТЖБ-і