
Жарма ауданының әкімі Н.Борсықбаев жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар мәселесіне назар аударды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты. Аудан әкімнің жеке қабылдауына 6 ауыл тұрғыны келіп, түрлі жеке мәселелері бойынша өздерінің өтініштерін жеткізді. Атап өтсек, тұрғын үй кезегіне тұру және жер мәселелерін шешуді сұрады. Жеке қабылдауда аудан әкімі Н.Борсықбаев ауыл тұрғындарының көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, тиісті шешім қабылдап, заң шеңберінде орындалатынын жеткізді.