2020 жылдың 29 тамыз күні аудан орталығындағы муниципалдық базар аумағында Қалбатау мен Ақжал ауылдық округ әкімдіктерінің ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Тұрғындарды тиімді бағадағы өңірлік өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған шарамен Жарма ауданының әкімі А.Нурғожин танысып қайтты. Аталған ауылдық округтер ет-сүт өнімдерін нарықтық бағадан 10-20% арзан бағада ұсынды.
Ауылдық аумақтық бірлік әкімдіктерімен бекітілген кестеге сәйкес алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелер жалғасын табатын болады.