
«Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 қарашадағы №427 «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Азаматтарға арналған үкімет КЕАҚ), «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі» және электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші болып табылады.
Бүгінгі күні электрондық үкімет порталында, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - ХҚКО ИАЖ) базасында мемлекеттік қызметтің болмауы себебінен қолжетімсіз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – Е-собес ААЖ) деректер тізбесінде де жоқ.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Е-собес» ААЖ – ға осымен қатар ХҚКО ИАЖ мемлекеттік қызмет енгізілгенге дейін және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 11-бабының 1), 4), 13) тармақтарын және мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтау мақсатында «Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметті бекітілген қағидаларға сәйкес қағаз түрінде «көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі» арқылы көрсетеді.