
Жарма ауданының азаматтық қорғау органдарының мамандары астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау жүріп жатқан шаруа қожалықтарының арасында алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Астық жинау және жем-шөп дайындау кезінде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жарма ауданды Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шабындықтар мен егіндіктерде рейдтер жүргізіп жатыр.
Рейдтерді өткізу барысында шаруа қожалықтарының басшыларына, жеке тракторлардың иелеріне жұмыстарды жүргізу орындарының өрт қауіпсіздігін сақтау, тартылған техниканы ұстау, оларды өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыру бойынша негізгі талаптар жеткізілді, олармен тиісті нұсқаулықтар өткізілді.
Шабындық науқаны аяқталғанша халықпен алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.
Астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындау жүріп жатқанда өртті жібермеу үшін келесі талаптарды орындау керек:
- астық жинау науқаны мен жем-шөп дайындауға тартылған адамдар түгелдей арнайы бағдарламамен нұсқаулықтан өту керек;
- егіндік пен шабындықтарға шығу алдында машиналар мен тракторлар алдынғы буфердің астына келтірілген, заводта шығарылған және жұмыс істейтін ұшқын өшіргіштермен жабдықталу керек;
- уақытша стандарды егіндіктерден, механикалық тоқтардан, маялардан және тағы басқалардан 100 метр қашықтықта орналастыру қажет;
- стандарға, жанар жағармай қоймасына, сондай-ақ машиналардың уақытша тұрақтарына бөлінген алаңдар ені 4 метрден кем емес жолақтармен жыртылады. Стандарды өрт сөндіруге қажет су қорларымен, өрт сөндіргіштермен, күрек пен металлдармен қамтамасыз ету керек. Егіндіктер мен оның жандарында ашық отты пайдаланатын жұмыстарды, темекі тартуды жіберуге болмайды;
Жем-шөпті дайындау, тасу және сақтау кезінде: жем-шөп сақтау орындарын ені 6 метр қорғау жолақтарымен жырту керек, ол жолақтар маялардан 15 метрден кем емес қашықтықта болу керек. Жеке маялардың да 10 метр қашықтықта жыртылған қорғау жолақтары болу керек. Шөп маяларын найзағайдан қорғау қондырғыларымен жабдықтау қажет.
Жұмыстарды тек қана жұмыс істеп тұрған жылжымалы және стационарлы механизмдерде жүргізуге болады. Жұмыс істеп жатқан механизмдерді қараусыз қалтыруға болмайды, астықты транспортер лентасынан жоғары себуге және лентаның транспортер құрылысына үйкелуін жіберуге болмайды. Қоймалардағы астықты желдеткенде, желдеткіштерді жанғыш қабырғалардан 2,5 метрден кем емес қашықтықта орнату керек. Ауа өткізгіштерді жанбайтын материалдардан жасау қажет.
Жоғарыда келтірілген талаптарды орындау ауыл адамдарына, оларға маңызды кезеңде төтенше жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.
Жарма ауданы ТЖБ-і