Сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелер бойынша Жарма ауданы әкімдігінде қабылданған  іс-шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелер бойынша Жарма ауданы әкімдігінде қабылданған   іс-шаралар туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазанындағы №12 бұйрығына сәйкес тәуекелдер» және №1 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы әс-қимыл» жобалары тобын іске асыру жоспарына сәйкес Жарма ауданы әкімдігінің 2024 жылы аудан әкімі аппаратының жұмыс тобымен аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде 20 тәуекел анықталып,  анықталған тәуекелдер бойынша жұмыс жоспары әзірленіп, жойылған.

Жарма ауданының әкімдігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санын азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын күшейту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап, бірқатар іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде атап өту керек:

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес дербес бөлімдермен, оның ішінде квазимемлекеттік секторлармен және ауылдық округтармен тұрақты түрде жұмыс жүргізілді.

- жастар арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген жұмыстар жүргізілді.

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырыстарында күн тәртібіне сәйкес мәселелер тоқсан сайын қаралды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру үшін бағдарламаны іске асыру барысында үгіт-насихат жұмыстарының әр түрлі нысандары, оның ішінде дөңгелек үстелдер, түрлі семинарлар, кездесулер, аудан тұрғындарымен өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта мақалалар жарияланады. Барлық мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл тақырыптарында тұрақты негізде «Ашық есік күндері» өткізіліп тұрады.

 Аудан әкімдігінің фойесінде арыз-шағымдар мен ұсыныстарға арналған арнайы жәшік орнатылып, әкімнің және оның орынбасарларының және аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдау кестелері орналастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің мәтіні және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары көрсетілген стендтер ілінді. Осындай шаралар қаланың барлық мемлекеттік органдары мен мекемелерінде қолға алынған. Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ай сайын құқықтық оқыту сабақтары өткізіліп, сыбайлас жемқорлықпен күреске баса назар аударылады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк рәсімдік процестік кодексі (бұдан ары-ӘРПК), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте өтiнiштерге мониторинг жүргiзiлiп, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiнiң сапалы, уақытылы қаралуына қатаң бақылау жасалады. Әкімдікте ағымдағы жылы келiп түскен барлық өтiнiштер уақытылы, заңнамамен белгiленген мерзiмде қарастырылған. Әкімдікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларының бұзылуы бойынша өтiнiштер келiп түспеген.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мүдделер қақтығысының алдын алу негізі функциялары болып табылатын сыбайлас жемқорлықпен қарсы комплаенс қызметімен жұмыс атқарылады. Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдауға тыйым салу, сондай-ақ жақын туыстар мен жұбайлардың бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл және қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру Жарма ауданы әкімдігінің басымды талабы болып табылады.

Бұл кеселге қарсы тұру-елдің әрбір азаматының міндеті!

 

Жарма ауданының әкімі
Н. Борсукбаев