Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Ауеспаева мемлекеттік қызметшілер арасында ҚР ӘРПК

Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Ауеспаева мемлекеттік қызметшілер арасында ҚР ӘРПК

Жарма ауданы әкімінің аппарат басшысы Д. Ауеспаева мемлекеттік қызметшілер арасында ҚР ӘРПК –нің талаптарын түсіндіру туралы семинар өткізді. Семинарда осы Кодекстің 73-бабына сәйкес  Тыңдау процедурасы өткізіліп тындау хаттамыс толтырылуы тиіс.

  1. Әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

Тыңдау:

1) әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы;

2) ақпараттық жүйелерді пайдалану;

3) әкімшілік рәсімге қатысушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері, егер:

1) әкімшілік орган, лауазымды адам басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғамайтын қолайлы әкiмшiлiк актіні қабылдайтын;

2) атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін үш күндік мерзімнен аз уақыт белгіленген;

4) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, қоғамдық және (немесе) мемлекеттік мүдделерді қорғау мақсатында әкімшілік актіні дереу қабылдау талап етілетін;

5) әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы өтінішхат берген;

6) оңайлатылған әкімшілік рәсім жүзеге асырылатын;

7) әкімшілік іс бойынша шешім автоматтандырылған процесті жүзеге асыру кезінде қабылданатын, бұл ретте әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік таңдау берілмеген жағдайларға қолданылмайды.

Осы бөліктің 4) тармақшасында белгіленген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіде тыңдау жүргізілмеген дәлелдерді көрсетуге міндетті.

  1. Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
  2. Әкімшілік рәсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам тыңдау хаттамасын жүргізеді.

Сонымен қатар қатысушылар осы Кодексте көзделген талаптармен таныстырылды.