Судағы қауіпсіздік ережелері

Судағы қауіпсіздік ережелері

Судағы қауіпсіздік ережелері

  

Суға шомылу кезіндегі ережелер

- Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар.

- Қоршау белгілерінен әрі бармаңыздар, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бармаңыздар - бұл өміріңізге қауіпті.

- Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері! Балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеңіздер!

- Мас күйде суға шомылуға тыйым салынады.

Суға шомылушыларға кеңес

- Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз.

- Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз.

- Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда - сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз.

- Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз.

- Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз.

- Мас күйде суға шомылуға болмайды.

- Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға пайдаланыңыздар.

- Иірімге түсіп кетсеңіз, үрейге бой алдырмаңыз, терең дем алып, су астына сүңігіңіз де, ағыспен су бетіне шығыңыз.

- Суда тентектіктерге жол бермеңіз. Апат туралы жалған дабыл бермеңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып қалмаңыздар.

- Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды.

- Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз.

- Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер.

- Жағажай жағалауларымен айдындарын ластамаңыздар. Өзіңізбен үй жануарларын әкелмеңіз.

- Шомылғанда автокөлік доңғалағы камерасың, тақташаны, допты, үрлемелі матрасты т.б. қолданбаңыздар.

Суға батып бара жатқан адамды көре салысымен бірінші айналадағылардың назарын:

-«Адам батып бара жатыр!»,- деп айғайлап аудару қажет. Әрқашанда суға батушыны құтқаруға ересек адам табылады.

Суға батушыны құтқару кезіндегі үш тәсіл:

Қолтығынан ұстап сүйреу:

Құтқарушы суға батушыны қол астынан ұстап, шалқасынан жүзе отырып сүйреп шығарады.

Шашынан сүйреу:

Суға батушыны бір қолмен шашынан немесе жағасынан ұстап, басын су бетінде ұстауға тырысып, кез келген тәсілмен жүзу.

Шынтағынан жоғары ұстап сүйреу:

Суға батушының артынан екі қолынан ұстап артқа қарай тартып, өзі сол (оң) қолын оның қолының астынан арқасына өткізіп, басқа қолынан шынтағынан жоғары ұстап, бір қырымен жүзу.

Есте сақтаңыз! Зардап шегушінің өмірін тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей қайтаруға болады.

Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін:

Жарма ауданы ТЖБ-і