Тұрмыстық қоқыстар мен шөпті жағу

Тұрмыстық қоқыстар мен шөпті жағу

Тұрмыстық қоқыстар мен шөпті жағу.

 

Өрт - бұл бақыланбайтын жану және материалдық қүндылықтармен адамдардың өліміне алып келуі мүмкін қауіпті апат. Бұл жағдайдың алдын алу үшін адамдарға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет.

Практика көрсеткендей жазғы және күзгі уақытта өрттің саны ұлғаюда. Өрт көбінесе шабындық қалдықтарын, шөптерін, тұрмыстық қалдықтарды жағу барысында бақылаусыз қалдырғанның салдарынан туындайды. Өрттің салдарынан тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар, мал азығы және автотехникалардың жойылуына әкеп соғады. Өрт болған кезде үлкен адамдардың өздері де өртті тоқтата алмайды және көбінесе кішкентай балалар ойын үшін шөптер мен қоқыстарды жағып, өздері өшіре алмағандықтан, қорқып үлкендерге өрттің туындағаны жайлы айтпай қашып кетіп, ал үлкендер өртті байқаған кезде, өз күштерімен сөндіруге кеш болады. Ал өртті сөндіру үшін тек өртке қарсы қызметінің күшін жұмылдыруымен ғана болады.

Осы себептен, Жарма ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен әр жұма сайын тұрғын үй аулаларын аралау және орман-дала алқаптарында профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Профилатикалық жұмыс кезінде қызметкерлер еске салады, әр бір адам қоқысты немесе басқа да заттарды жағу барысында үйлер мен ғимарат құрылыстарынан 50 метрден жақын болмауы және ешқашанда жаққан қоқыстың, шөптің шоғын қараусыз қалдырмай жанып, болуын соңына дейін күтуі қажеттілігі туралы.

Әрдайым есте сақтау қажет, кішкентай шоқты қалдыру өте үлкен апатқа алып, келуі мүмкін. Өрт тілсіз жау демекші өрттен сақтанып жүріңіздер.

Жарма ауданы ТЖБ-і