Назар аударыңыз конкурс

Назар аударыңыз конкурс

Жарма ауданының әкімдігі Қаратобе ауылдық округы аумағында орналасқан Үлкен Мариновское, Кіші Мариновское және Шар қалалық округі аумағында орналасқан Шар көлі су айдындарын және (немесе) учаскелерін 10 жыл мерзімге көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізуге бекітіп беру бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Квалификациялық талаптардың толық тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Өтінімдерді тапсыру мерзімі - конкурстық құжаттамаға сәйкес (2020 жылдың 1 шілдесінен 20 шілдеге дейін).

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес квалификациялық талаптарға сай Конкурсқа қатысуға тілек білдірген барлық жеке немесе заңды тұлғалар жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін мына мекенжай бойынша алуға болады: Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұсылманкулов көшесі 21 «А», №5 кабинет, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін және/немесе Sayat_zharmasho@mail.ru электронды адрес бойынша.

Әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді мөрленген конвертке салып, «Жарма ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2020 жылдың 20 шілдесін қоса алғанда сағат 9.30-дан 18-00-ға дейін мына мекенжай бойынша тапсырады: индекс 070600, Қалбатау ауылы, Мұсылманкулов көшесі 21 «А», №5 кабинет.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2020 жылдың 22 шілдесі 16 сағ. 00 минутте Қалбатау ауылы, Мұсылманкулов көшесі 21 «А» №1 кабинетте ашылады. Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (72/347) 65-580 телефоны арқылы білуге болады.

30 маусым 2020 жылғы № 77 «Дидар» газетінде шықты