Жарма ауданында Аршалы, Ақжал ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті

Жарма ауданында Аршалы, Ақжал ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті

Жарма ауданында Аршалы, Ақжал ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті.

 

2020 жылдың 25 мамырында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №3 шешімімен 2020 жылдың 14 шілдесіне Аршалы ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.

2020 жылдың 29 маусымында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасымен 2 кандидат тіркелді.

2020 жылдың 14 шілдесінде өткен Аршалы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына сәйкес, Аршалы ауылдық округінің әкімі болып Касымханов Мирлан Далелханұлы тіркелді.

Касымханов Мирлан Далелханұлы, 1980 жылы туған, қазақ, Қапанбұлақ ауылының тұрғыны, "Жарма ауданының ветеринарлық қызметі" КМК-сі, Қапанбұлақ ауылының мал дәрігерлік пунктінің меңгерушісі.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 3 маусымында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының №4 шешімімен 2020 жылдың 14 шілдесіне Ақжал ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды.

2020 жылдың 29 маусымында Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасымен 2 кандидат тіркелді.

2020 жылдың 14 шілдесінде өткен Ақжал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Жарма аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қорытынды хаттамасына сәйкес, Ақжал ауылдық округінің әкімі болып Жұмақанов Қанат Сайлаубайұлы тіркелді.

Жұмақанов Қанат Сайлаубайұлы, 1967 жылы туған, қазақ, Жанаөзен ауылының тұрғыны, "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ-сі, әдіскері.