
Шарда хоккей корты ашылды
2020 жылғы 7 шілде күні Шар қаласы жұртшылығы үшін бір қуанышты оқиға болды. Оған себеп Карелин орта мектебінің спорт алаңқайы жанында спорт сүйер қауым үшін хоккей кортының салтанатты түрде ашылуы өтті. Корттың ашылуына Жарма ауданы әкімінің орынбасары Т.Б.Мұратов арнайы келіп қатысты.
Осы хоккей кортын салу үшін көктемде республикалық бюджет есебінен жұмыспен қамту жол картасы бойынша қаражат бөлінген еді. Бұл жауапты жұмысты «Жарма құрылыс-газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алып, тез арада талапқа сай орындап шықты. Бұл корттың тағы бір ерекшелігі жазда алаңда футбол ойнауға болса, қыста алаңға су құйып қатырғаннан кейін хоккей ойнауға болады.
Шар жұртшылығы бұл іске дән риза. Өйткені биылғы жылы Шардың спорт сүйер қауымы үшін арнаулы спорт кешенінің құрылысы да жүргізілуде.