Елорда күніне орай пәтер кілттері табыс етілді

Елорда күніне орай пәтер кілттері табыс етілді

Елорда күніне орай пәтер кілттері табыс етілді

Елорда күні мерекесіне орай, Жарма ауданы Қалбатау ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 2 пәтерлі 9 үйдің кілттерін табыс ету рәсімі өтті. Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нургожин халықтың әлеуметтік осал топтары яғни көпбалалы отбасыларға, І және ІІ топ мүгедектер, мүгедек бала асырап отырған отбасылар мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне табыс етті. Құрылысты жүргізіп, қолданысқа беріп отырған инвестор жеке кәсіпкер - Исабаева Динара. Әр салынған үйдің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрайды. Айта кетер болсақ, өткен жылы желтоқсан айында 2 пәтерлі 5 үй қолданысқа берілген болатын. Табыс етілген үйлерде барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта Жарма ауданының орталығы мен Шар қаласында осындай тұрғын үйлер салу жоспарланған.