Қапанбұлақ ауылында спорт алаңы ашылды

Қапанбұлақ ауылында спорт алаңы ашылды

Қапанбұлақ ауылында спорт алаңы ашылды

2020 жылдың 3 шілде күні Елорда күні қарсаңында Қапанбұлақ ауылында ауылдық округ әкімі А.Аңсабаевтың қатысуымен воркаут пен шағын футбол алаңының ашылуы өтті. Бұл алаңның құрылысына қаражат аудандық бюджеттен бөлінді. «Зайсан-Строй-Сервис» ЖШС мердігер ұйымы ағымдағы жылдың 24 сәуірінде өз жұмысын бастап, уақытылы аяқтады. Бұл нысан болашақта ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасайды.