«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

Құрметті аудан тұрғындары!

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші аудандық (қалалық) кезеңіне құжаттар қабылдау басталды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаты:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2024 жылғы 15 мамырдан бастап

15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толық ақпарат алу үшін 8 (72347) 61816 нөміріне хабарласуға болады.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 14 маусым. #Otbasym2024