
ҚР ҚМ Мемлекттік кірістер комитеті жыл сайынғы «Түбіртекті талап ет те –жүлдені ұтып ал!» акциясының 2020 жылдың 12 мамырынан басталып, 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасатындығын хабарлайды.
Акцияның мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, тауарлардың,жұмыстардың және қызметтердің тұтынушылары ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Акция «WIPON» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын болады, бұл қосымшаны Apple App store Google Play mapket – тен тегін жүктеп, ұялы телефон теңгеріміне акша қаражатын ұтып алу мүмкіндігіне ие болуға болады. Сондай –ақ БКМ фискалдық чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды аталған қосымша арқылы жібере алады, аталған факт расталғаннан кейін телефон теңгерімі толықтырылады.
Акция туралы туындаған сұрақтар бойынша Қалбатау ауылы, Достық көшесі 94 немесе 65858, 61181, 65853 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады.
Жарма ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы