Ауылшаруашылық нысандарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы

Ауылшаруашылық нысандарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы

Егіс және мал азығын жинау кезінде өрттердің алдын алу мақсатында Жарма ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері кешенді шаралар жүргізуде. Егістік алқаптарда шаруа қожалықтары мен тұрғындар арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары және дөңгелек үстелдер өткізілді.

Науқан барысында қатысушылардың назарын өрт сөндіргіш құралдарында ақаулықтарының болмауы және жұмыс жасауы  (өрт сөндіргіштер, өрт жабындары, құм, сыпырғыш, күрек және т.б.), минералданған қорғаныс жолағының болуына және жұмысқа тартылған барлық қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт туындаған кездегі іс-шаралар туралы және ауданның өртке қарсы қызметі туралы уақытылы хабарлау бойынша нұсқама жүргізілу қажет.

Далалық жұмыстар кезіндегі өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары:

- Далалық жұмыстарға қатысатын барлық қызметкерлер өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен танысуы қажет;

- Өрт сөндіргіш құралдар стандарттарға сәйкес келуі және пайдалануға дайын болуы қажет жедел пайдалану үшін жағдайлар жасалуы керек;

- Уақытша электр лампалары, ток және жоғары кернеулі электр желілері егін егу және орман алқаптарынан 100 метр қашықтықта орналасуы қажет, далалық лагерлер мен егістіктер ені кемінде 4 метр жолақпен жырылып, темекі шегетін орындар белгіленуі;

- Жұмыс кезінде, егістік маңында шөп пен сабанды жағуға тыйым салынады;

- Май құю және газбен дәнекерлеу уақытында құрғақ шөптерден, жанғыш қоқыстардан және ғимараттардан 50 м қашықтықта, шөптен, сабаннан және электр желілерінен 100 м қашықтықта жүргізілуі қажет. Жанармай құю кезінде қозғалтқышты өшіру қажет. Түнде жанармай құюға тыйым салынады.

Өрт шыққан кезде алдымен «101» немесе «112» нөмірлерін теріп, азаматтық қорғау қызметіне қоңырау шалыңыз. Есіңізде болсын, осы ережелерді қатаң сақтай отырып, сіз өз өміріңіз бен мүліктеріңізді сақтай аласыз.

Жарма ауданы ТЖБ-і