
Көптен күткен шомылу маусымы басталды. Демалыс күндері ондаған демалушылар суға шомылуға келеді. Таза ауада, шомылу тек рахат беріп қана қоймай, денені шынықтырудың жақсы құралы болып табылады. Сонымен қатар, су үнемі адамдардың өмірін алып кетеді. Өкінішке орай, бұл азаматтардың өмірі Су алып кеткен туыстары мен жақындары үшін қайғылы оқиға. Ашық су айдындары, сөзсіз, қауіп көзі, сондықтан шомылу мен жүзуде сақ болуларыңызды сұраймыз.
Демалыс күндері қайғылы жағдайды болдырмау үшін Жарма ауданының ТЖБ қызметкерлері № 32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен және Жарма ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп Ортабұлақ су қоймасында суға батудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, онда қызметкерлер азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертеді.
Жарма ауданы Төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері судағы қауіпсіздік қағидалары турлы азаматтарға ескертеді:
- Ересектер балаларға, лагерлерге, туристік жорықтарға, пикниктерге аттанар алдында су нысандарындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру керек.
- Жақсы жүзе білу-судағы қауіпсіз демалудың маңызды кепілдерінің бірі, бірақ жақсы жүзуші үнемі сақтықты, тәртіпті сақтау және суда өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң ұстану керек.
- Шомылу алдында демалу керек. Суға мас күйінде кіруге болмайды.
- Жағадан алыс жүзбеңіз, ескерту белгілерінен асып кетпеңіз.
- Арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыз.
- Таныс емес жерлерде суға түсер алдында түбін тексеріңіз. Суда абайлаңыз, су белге жеткенде тоқтаңыз.
- Ешқашан жалғыз жүзбеңіз, әсіресе өз күшіне сенімді болмаса.
- Жалған апат сигналдарын бермеңіз.
- Балалардың таяз суда ойнауын қадағалаңыз, себебі олар ойын кезінде құлап, тұншығып кетуі мүмкін.
- Мас күйінде суға кірмеңіз.
Жарма ауданы ТЖБ-і