
Көліктерді қолдану барысында, адам байқаусызда қауіппен бетпе-бет келетіні жасырын емес. Ондай қауіптің бірі – өрт. Кез келген автотраспорт түрлеріне белгілі бір деңгейде өртке қарсы қағидалар қарастырылған.
Статистикалық ақпараттарға сүйенер болсақ, 2020 жылғы өткен мерзімінде Жарма ауданыны4 аумағында 3 көліктегі өрт тіркелді.
Қазіргі таңда әлем бойынша, адамдардың көпшілігі жеке көліктерге ие. Жеке көлік құралының сәндіктен күнделікті жылжымалы құралға айналғанына қай заман, ал халық арасында жеке көлік құралының саны күн санап артуда. Көліктегі өрт көп жағдайда көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамағанда және дұрыс пайдаланбауда болса, келесі бір себептері, қасақана өртеу мен оттықты дұрыс қолданбау болып табылып отыр. Қасақана өртеу дегеніміз байқаусызда болуы мүмкін, негізінен көп жағдайда өрттің орын алуы адами фактордың кесірінен болады.
Жанармай жүретін жүйелер мен агрегаттардың дұрыс жұмыс жасамауы өрт қауіпін ұлғайта түседі, мұндай жағдайда көлік иесіне өзінен басқа ешкім көмек бере алмайды. Автомобиль толығымен дұрыс жағдайда болуы керек, егер де бұған күмәніңіз болса, жұмыс сапасына кепілдік бере алатын, сертификатталған автосервистерге барғаныңыз жөн. Сіз мұнымен біліктілігі жоқ жерден көмек алғаннан гөрі әлде қайда үнемдейсіз.
Көлік өртке оранған жағдайда, оны алғашқы минуттарында сөндіріп, ауыздықтауға болады, мұндай жағдайда өрт сөндіргіш құралының болмауы көліктің түгел жанып кетуіне себеп болады.
Тәжірибе көрсеткендей, өрттің орын алуына көбіне адамдардың өздері себеп болып жатады. Өрт сөндіру құралдырының нұсқаулықтары мен пайдалану жолдарын жоққа шығармаңыздар, себебі ол сіздің қауіпсіздігіңіз үшін жасалған. Есте сақтаңыздар, егер сіз нұсқаулықтар мен ережені сақтамасаңыздар, сізге бірде бір құрал көмектесе алмайды.
Өрт болған жағдайда не істеу керек: Егер өрт бола қалса дереу көлікті жол жиегіне тоқтату керек. Өртті күртеше немесе басқа да құралдармен сөндіріп әуре болмаңыз, ол әрекетіңіз тек босқа уақыт жоғалту ғана. Оның үстіне өзіңізде жарақат алуыңыз әбден мүмкін. Өрт сөндіру құралынан басқа кез келген іс-әрекеттің септігі тимейді. Егер өрт автомобиль капотының астынғы жағынан шықса, оны еппен ағаштың немесе басқа да темір құралдардың көмегімен жанынан ашу керек. Дегенмен байқау керек, себебі өрт шарпу қауіпі де жоқ емес. Көліктің астыңғы жағына төгілген жанармайды тек өрт сөндіру құралының көмегімен ғана сөндіру керек. Өрт сөндіргіш құралын өрттің қатты белең алған жағына қарай бағыттаған жөн. Отты брезентпен жауып, құм, сазбен лақтырып немесе сумен сөндіруге де болады. Тағы есте сақтайтын жағдай, егер сіз майға немесе жанармайға шыланған киіммен жүрген болсаңыз, өртті сөндіруге қатыспағаныңыз абзал.
Гараждар мен автотұрақ жайларында не істемеу керек: жарығы бар жанармай багы, карбюратор немесе қосулы тұрған электрмен қамтамасыз ету жүйелерін тұраққа қалдырмау; дәнекерленбеген және оралмаған электр сымдарын; автомобилді бояу жұмыстарын және мөлшерден артық жанармай құю немесе құрылғылар орнату жұмыстарын жүргізбеу; тез тұтанатын сұйықтықтармен көлік бөлшектерін тазаламау; оттықты пайдалану арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізбеу.
Жарма ауданы ТЖБ-і