
Үстіміздегі жылы аудан аумағында мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік мәнге ие бірқатар құрылыс жұмыстары жүзеге асуда. Халық игілігіне бағытталған бұл жұмыстар «Nur Otan» партиясының Жарма аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының назарында тұр. Өткен аптада комиссия мүшелері жұмыс сапарымен Аршалы ауылында болып, мұнда жүзеге асып жатқан ауыз су желісі құрылысы барысымен танысты. Бұған дейін ауыл халқы аудан әкіміне құрылыс барысын жіті қадағалау жөнінде ұсыныс көтерген болатын. Осыған орай комиссия құрылыс барысын бақылап, жобалы жұмыс ауқымымен танысты.
Құрылыс барысымен таныстырған мердігер серіктестік өкілдері қолға алған жұмыстарда барлық талаптарды орындай отырып, уақытылы халықты ауыз сумен қамтамасыз ететіндіктерін айтты.
Жұмыс жобасымен таныса отырып, құрылыс талаптарын толық зерттеген нұротандықтар, жұмыс кезеңін оң бағалай келе, халық игілігіне атқарылып жатқан жұмыс барысы қырағы қадағаланып отыратындығын айтты.