Тұрғын үй алу шарттары түсіндірілді

Тұрғын үй алу шарттары түсіндірілді

2020 жылдың 19 маусым күні Қалбатау ауылдық округі әкімшілігінің мәжіліс залында Жарма ауданы әкімі мен «Тұрғын-үй құрылысы жинақ банкісі» АҚ-ның бірлескен медиа-жоспарына сәйкес ,«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында кездесу өтті. Семей қаласының ТҚЖБ филиалынан арнайы келген қаржы кеңесшілері Қ.Оспанова мен Г.Адильбекова «5-10-20» жаңа жобасы туралы мәлімет беріп, қолданыстағы бағдарламалары бойынша кеңес беріпғ тілек білдірушілерге есепшот ашты.