
Орман өрттерінің басым көпшілігі адамдардың отты абайсыз пайдаланбағанан немесе орманда жұмыс істеу барысында және демалу кезінде өрт қауіпсіздік ережесін бұзуынаң туындайды. Орман өрттерінің көп пайда болуы демалушылар тамақ дайындау үшін от жағуының туындайды. Әсіресе, соңғы жылдары табиғат аясында демалатын жастар көптеген өрттердің себепшісіне айналып отыр.
Орманға сөндірілмеген сіріңке немесе темекі тұқылдарын тастайтын шылым шегушілердің кесірінен болатын өрттер де аз емес. Осыған байланысты 2020 жылдың өрт қауіпті кезеңі басталғаннан бастап, Жарма ауданының ТЖБ қызметкерлері орманшылармен бірлесіп орман алқабында өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша рейд шараларын жүргізуде.
Тағы да назар аударамыз! Өрттің қауіпті кезеңінің басталуына байланысты: от жағуға, орманда ашық отты пайдалану арқылы өрті қауіпті жұмыстарды жүргізуге, қоқыстарды, құрғақ шөптерді, тұрмыстық қалдықтарды жағуға қатаң тыйым салынады.
Жарма ауданы ТЖБ-і